Токио: Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

1021

1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады.

Токио: Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Жарыстың алғашқы күнінде Токио бозкілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі.

Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.

Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу