Токио ойындарына соңғы жолдамалар сарапқа салынады

701

Семсерлесуден Ташкенттегі лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар анықталды  

Токио ойындарына соңғы жолдамалар сарапқа салынады

24-27 сәуір күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Құрлықтық сынға Алексей Писцов жаттықтыратын қазақстандық спортшылар да қатысады деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Ташкент төрінде Токио ойындарына берілетін соңғы жолдамалар сарапқа салынады. Аталған сынға Қазақстан атынан төмендегі спортшылар қатысады: 

Ульяна Балаганская (шпага, әйелдер);

Тамерлан Қалиев (рапира, ерлер);

Құлжан Түсіпбекова (рапира, әйелдер); 

Әйгерім Сарыбай (сабля, әйелдер);

Саттархан Назарбай (сабля, ерлер). 

Семсерлесуден Қазақстан командасының еншісінде әзірге бір жолдама бар. Шпагамен семсерлесуден команда үздігі Руслан Курбанов Токио Олимпиадасына FIE рейтингісі бойынша тікелей жолдама алған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу