Токио Олимпиадасы: Боксшы Әбілхан Аманқұл да жарыс жолын аяқтады

1580

Токио Олимпиадасында бокстан іріктеу кезеңінің жекпе-жектері жалғасуда Бүгін 75 келіде сынға түскен отандасымыз Әбілхан Аманқұл бразилиялық Эберт Консейсанмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Токио Олимпиадасы: Боксшы Әбілхан Аманқұл да жарыс жолын аяқтады

Бразилиялық боксшы шегіне жүріп айқасты. Алғашқы раундта бразилиялық 3:2 есебімен алға шықты. Екінші раундта біршама клинч тіркеліп, қарсыластар едәуір соққы алмасты. Әбілхан қарсыласпен қашықтықты қысқартуға тырысқанымен бойшаң бразилиялық алыстан жұдырықтасу тактикасын ұстанды. 

Кездесу қорытындысы бойынша Эберт Консейсан жеңімпаз атанды. Осылайша ширек финалда сүрінген Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, Әбілхан 2017 жылғы Әлем чемпионатында күміс, Азия чемпионатында қола медаль алған. Ал 23 жастағы бразилиялық 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола, дәл сол жылы Перу астанасы Лимада өткен Панамерика ойындарының күміс жүлдегері атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу