Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына жетінші "қола" түсті

712

Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына жетінші "қола" түсті Фото: olympic.kz

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Дархан каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу