Токио Олимпиадасынан келетін спортшылар карантинге жатқызылмайды – ДСМ

1087

Дүбірлі додада 97 қазақстандық спорттың 27 түрінен бағын сынайды.  

Токио Олимпиадасынан келетін спортшылар карантинге жатқызылмайды – ДСМ

Токио Олимпиадасынан келетін қазақстандық спортшылар карантинге жатқызылмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"(Токио Олимпиадасынан – автор) келетін спортшылар карантинге жатқызылмайды. Өйткені, олардың барлығы коронавирусқа қарсы вакцина алған, ауруға қарсы иммунитеті бар", - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.

Токио Олимпиадасының ашылу салтанатын "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу