Томирис Байсафаның өліміне ақыры экс-премьердің ұлы күдікті деп танылды

5258

Мәскеуде оқып жүрген Томирис Байсафа 2018 жылы оқу орнының төртінші қабатынан құлап, көз жұмған еді.

Томирис Байсафаның  өліміне ақыры экс-премьердің ұлы күдікті деп танылды

Мәскеудің Басман соты Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы Муртузали Меджидовты 28 қыркүйекке дейін қамауға алды. Оған 2018 жылы ММХКИ-де оқып жүрген қазақстандық студент Томирис Байсафаны өлтірді деген айып тағылып отыр. Меджидов ұзақ мерзімге қамалуы мүмкін.

Ресми мәліметке сәйкес, ол 29 шілдеде Мәскеуде қолға түскен. Тергеушілер Томиристі терезеден құлатып жіберген Меджидов деп топшылап отыр. 

Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуірінде төртінші курс студенті Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатындағы терезеден құлаған еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген ол 3 мамырда қайтыс болды. 

Муртузали Меджидов Томириспен бір топта оқыған. Дерек бойынша, екеуі қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрген. Ол – Дағыстанның экс-премьері бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы. 

Табиғат Нұрболат
Фото: kp.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу