Төреғали Төреәліні қамау мерзімі ұзартылды

479

Ол 3 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Төреғали Төреәліні қамау мерзімі ұзартылды

Төреғали Төреәлі полицияның заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 613-бабы 1-бөлігі бойынша А.азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

"Сот 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік жүргізіп, полицияның көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағанын анықтады. Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді ішінара растады", - делінген хабарламада.

А.ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылды және оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске алайық, әнші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды және 20 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу