Төрт айлық нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталды

1959

Төрт айлық нәрестесі бар отбасы 19 наурызда Париж-Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түсіріліп, ауруханаға жеткізілген.

Төрт айлық нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың мәлімдеуінше, коронавирус пандемиясының алдын алу және таралуына тосқауыл қою үшін елордада 1051 стационарлық төсек әзірленді. 

"Ауруханаларда 44 реанимациялық төсек, өкпені жасанды желдету аппараттары бар. 21 наурыз таңғы сағат 8:00-дегі мәлімет бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларда 645 науқас жатқаны белгілі болды. Оның 62-сі балалар. Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастардың екеуі 18 жасқа толмаған. Оның біреуі 4 айлық нәресте, екіншісі 14 жастағы жасөспірім. 18-29 жас аралығындағы 3 науқас, 30-49 жас аралығындағы 18 науқас, 50-59 жас аралығындағы 4 науқас, 60-69 жас аралығында 1 науқас анықталды", – деді басқарма басшысы. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу