Төрт түліктің салдарынан жол апаты көбейді

268

Талапты елемегендер жазаланады.

Төрт түліктің салдарынан жол апаты көбейді  Фото: almaty-akshamy.kz

Маңғыстауда жыл басынан бері төрт түліктің жолға шығып кетуі салдарынан 3 жол-көлік оқиғасы болған. Бір адам қаза тауып, бірнеше жолаушы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Осындай оқиғаның алдын алу үшін құзырлы орган қызметкерлері мен полицейлер шаруа қожалықтарына жарық шағылыстырғыш ленталар таратып жатыр. Төрт түліктің мойнына тағылатын бұл лента көлік жүргізушілерге алдағы кедергіні алыстан байқауға мүмкіндік береді. Бұл талапты елемеген азаматтар жазаланады.

"Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол көлік оқиғаларын болдырмау, алдын алу мақсатында шаруа қожалық иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Егер де, жол бойына мал жануарларын қараусыз қалдырылғаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 408-ші бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі",- дейді жол мекемесінің өкілі Ерлан Биялиев.                                                                                                                                                 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу