Төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды

1160

Елорда әкімі ТЖД мен полиция департаментіне тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі сақталуын тексеруді тапсырды. 

Төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды

Газ баллон жарылған елордалық кафедегі жағдай бойынша жедел штаб және жедел желі құрылды. Төтенше жағдай кезінде қаза болған әйелдің отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған әйелдің отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Еске салар болсақ, 21 қараша күні сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласында дәмхана етіп жасалған коттеджде газ баллонының жарылып, соның салдарынан 20-дан астам ауруханаға түсіп, бір адам қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу