Төтенше жағдай кезінде шетелде жүрген отандастарымыз елге кіре ала ма?

1106

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР аумағына кіруге шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді.

Төтенше жағдай кезінде шетелде жүрген отандастарымыз елге кіре ала ма?

"Шектеу – бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады",– дейді Айбек Смадияров.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы елде төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Онда елге кіру және шығу шектелетіні айтылған.

"Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін",– делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу