Төтеншеліктердің "Қаламқас" кен орнында шыққан өртпен алысқанына үшінші күн, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Өртті сөндіру жалғастырылуда",– деді ІІМ ТЖ комитетінің арнайы өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Еске сала кетсек, 13 наурызда "Қаламқас" мұнай кен орнында бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай орын алған еді. Дегенмен энергетика министрлігі мұнайдың жер бетіне жайылмағанын, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары толық жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
Алайда 25 наурызда 8232 ұңғымасында газ-су қоспасының ошағынан өрт шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу