Toyota 2020 жылға қарай электромобильдерді жаппай шығаруды қолға алады

1197

Toyota 2020 жылға қарай электромобильдерді жаппай шығаруды қолға алады

Жапонияның Toyota Motor көлік өндірушісі 2020 жылға қарай электромобильдерді жаппай шығара бастамақшы.  Бұл туралы Nikkei-ге сілтеме жасап "КоммерсантЪ" хабарлады.

Электромобильдер өндірісін жоспарлау үшін 2017 жылы жұмыс тобы құрылуы мүмкін.  Бір реттік қуаты  300 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсеруге жететін автомобильдер Prius және Corolla модельдері негізінде жасалатын болады. Таяуда ғана Mazda-ның атқарушы вице-президенті Акира Марумото компанияның Toyota-мен он сала, оның ішінде бірлесіп электромобильдер жасау жөнінде технологиялық ынтымақтастық орнатып жатқандарын  тілге тиек еткен болатын. Дей тұрғанмен Toyota бұл ақпаратқа түсінік беруге құлықты емес. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу