Тозаңдатушы жәндіктің азаюынан кофе өндірісіне қауіп төніп тұр

1308

Тозаңдатушы жәндіктің азаюынан кофе өндірісіне қауіп төніп тұр

Осы ғасырдың орта шенінде әлем табиғи кофе ішуден қалады. Халықаралық зерттеушілер тобының келтірген мәліметіне үңілсек, алдағы 30 жыл ішінде әлемді кофемен қамтамасыз етіп отырған Латын Америка құрлығы кофе плантациясының 88 пайызына дейін айырылады, деп хабарлайды islam.kz.

Негізгі себебі: жаһандық жылынудың салдарынан тозаңдатушы жәндіктің азаюы. Дәлірегі, аралар күрт кемитін болады. Аталмыш зерттеу тобының Смитсонов институтынан атсалысқан мүшесі Дэвид Рубик (David Roubik) табиғатта бәрі өзара байланыста екенін алға тарта келе былай дейді: "Болашақты бағдарлағанда біз біз өсімдіктер мен жануарларды бір биологиялық жейеде қарастырамыз. Біздің модел климаттық өзгеріске адамдар мен жануарлар бейімделсе не болатынын білуге емес, әлем туралы нақты білімге негізделген".

Ғалым әріптестерімен жаһандық жылынудың Латын америка құрлығына қалай әсер ететіні жөнінде бірнеше сценариді сызып шықты. Олардың пайымдауынша, аталған құрлықта орын тепкен мемлекеттердің ішінде Никарагуа, Гондурас және Венесуэла жаһандық жылынудан қатты зардап шегіп, едәуір шығынға ұшырайды. Нақтырақ айтқанда, аталған ел аумақтарындағы топырақ кофе өсіру мүлдем жарамсыз болып қалады. Ал жоталы Мексика, Колумбия, Коста-Рика және Гватемала елдерінде кофе өсіруге сәл де болса қолайлы климаттық ахуал сақталып қалады. Десе де ғалымдар кофе плантацияларының азаюына ауа температурасының көтерілуі емес, ең бастысы аралардың кемуі әсер ететіндігін алға тартып отыр. Аралардың әр алуандығы бес түрге дейін кемиді. Бұл апаттың алдын қалай алуға болады. Ғалымдар бірнеше сценариді ұсынып отыр: 

Біріншіден, фермерлерге өзге дәнді-даөылдарды себуге, өндірістің басқа жүйесіне көшуі тиіс. Тозаңдану процесі баяулайтын аудандарда араларды сақтап қалуға барлық жағдай жасалуы керек. Тар жерде жақсы өсетін кофе ағаштарын отырғуздың маңызы да зор. Бұл өз кезегінде жәндіктерді қаралып қалудан сақтауға септігін тигізеді. 

Екіншіден, аптап ыстыққа төзімді әрі бейімделген араларды көбейту. Олар негізінен Африка құрлығында тіршілік етеді. Алайда, Латын Амкрикасына африкалық аралар әкелінген, мәселен, Бразилияда 1957 жылы африкалық аралар пайда болған еді. 1970 жылдары ғалымдар африкалық аралардың агрессиялық әрекеті онсыз да шегіне жеткен жергілікті экологиялық жүйеге залал келтіретінін анықтаған.  

Сөйтсе де африкалық аралардан бас тартуға болмайды, өйткені, олар жергілікті тұқымдастарына қарағанда әлдеқайда жылдам, әлдеқайда өнімді "еңбек" етеді. Мәселен, Мексикада африкалық аралардың тозаңдатуынан мол өнім ала алды. 

Африкалық аралар ыстық, алайда, тым құрғақ емес, яғни, сәл ылғалды климатта тез өсіп-өнеді. 

Ғалымдар, сондай-ақ, табиғи орман алқаптарын сақтап, петицид секілді тыңайтқыштарды азайтуды ұсынып отыр. Тыңайтқыштар жәндіктердің басты жауы. 

Ескерту: бүгінгі таңда әлемнің 60 елінде шамамен 25 млн фермер кофе өндіреді екен. Бұл индустрия жүз млн-ға тарта адамды кофемен қамтамасыз ете алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу