Трамп: "АҚШ Иранға 20 есе қатты соққы береді"

АҚШ президенті мұндай ойы бар екенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Трамп: "АҚШ Иранға 20 есе қатты соққы береді" Фото: AP Photo / Alex Brandon

Ақ үй басшысының сөзінше, Иранға қарсы соққылардың қарқынын күшейтуіне бір себеп бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Егер Иран Ормуз бұғазындағы мұнай ағынын тоқтататын кез келген шара қолданса, АҚШ оған бұрынғыдан 20 есе қатты соққы береді, – деді ол.

Сондай-ақ, Дональд Трамп жеңіл жойылатын нысаналарға соққы жасағаннан соң, Иран ұлт ретінде қалпына келе алмайтынын ескертті. 

Иран бұған дейін Ормуз бұғазынан өтетін кемелерді атқылайтынын айтып, "Бір тамшы да мұнай өткізбейміз" деп мәлімдеген еді.

Күні кеше мұнай бағасы соңғы 4 жылда бірінші рет 100 доллардан асқанын жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу