Трамп 2 сәуірде енгізілген тарифтердің өз тиімділігін дәлелдегеніне ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АҚШ президентінің сөзінше, "өзара сауда келісімдері" деп аталған шешім елге күн сайын шамамен 2 миллиард доллар табыс әкелген.
– Біз тамаша нәтижелерге қол жеткіздік, бізге күн сайын шамамен 2 миллиард доллар түсуде, – деді ол қуанышы қойнына сыймай.
Америка президенті жаңа шарттарға қатысты шетелдік серіктестермен келіссөздердің көбейе түскенін де мәлімдеді.
– Жапондық делегация бізге келісім жасау үшін ұшып келеді, Оңтүстік Корея да келісімге келуге ұмтылуда, басқа елдер де осы жолға бет бұрды, – деп атап өтті ол.
Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт тарифтер жарияланғаннан бері 70-ке жуық елдің келіссөздерді бастау туралы ұсыныспен Трампқа жүгінгенін айтқан еді.
Inbusiness.kz тілшісі бүгін Дональд Трамптың Қытай тауарларына баж салығын 125%-ға дейін арттырғанын жазды.
Сонымен қатар, АҚШ президентінің жер-жаһанға жақсылық жасап, тек Қытайды ғана қыспаққа алғанын да хабарлады.