Трамп билікті Байденге тапсыру процесін бастады

653

Дегенмен ол күресті жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Трамп билікті Байденге тапсыру процесін бастады Фото: reuters.com

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп билікті Джозеф Байденнің штабына тапсыруға рұқсатын берді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Айтуынша, ол мұндай қадамға елдің мүддесі үшін барған. Десе де Трамп сайлауда жеңіске жететініне сенімді. "Біздің ісіміз алға басуда, күресті жалғастыра береміз. Жеңіске жететініме сенімдімін",– деді Ақ үй басшысы.

Еске сала кетсек, Құрама Штаттарда 3 қараша күні президенттік сайлау өткен еді. Бірнеше штатта сайлау қорытындысы әлі жарияланбады, дауыстарды санау жүріп жатыр. Бірқатар америкалық басылымның (CNN, AP) алдын ала есебі бойынша, сайлауда Байден басым түскен. Ол өзін халықтың басым бөлігінің қолдауына ие болған президент деп жариялады. Трамп болса, жеңілгенін мойындар емес. Ол саяси додада өзінің басым түскенін айтып, демократтарды дауыстарды ұрлады деп айыптады. Оның штабы тіпті дауыстарды қайта санауды талап еткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу