Трамп бірқатар штатта Байденнен басым түсті

548

Пенсильвания, Флорида, Аризона, Висконсин штаттары тұрғындарының басым бөлігі Байденді қолдайды.

Трамп бірқатар штатта Байденнен басым түсті Фото: reuters.com

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Демократиялық партия атынан президенттік сайлауға түсіп отырған Джозеф Байденнен сауалнама қорытындысы бойынша бірнеше штатта басым түсті. 

Огайо штаты тұрғындарының 47,4%-ы Трампты, 46%-ы Байденді қолдайтынын білдірді. Солтүстік Каролинада да қазіргі президент қарсыласынан алда келеді: дауыс берушілердің 47,8%-ы оның кандидатурасын құп көріп отыр. Сондай-ақ Джорджия, Айова штаттарында да дәл осындай динамика. Бұған дейін Байденнің Пенсильвания, Флорида, Аризона, Висконсин штаттарында Трамптан озғаны жарияланған болатын. 

Ескере кететін жайт, 3 қарашада Құрама Штаттарда президенттік сайлау өтеді. Бұдан бөлек вице-президент, 35 сенатор, өкілдер палатасының жаңа мүшелері, 13 губернатор тағайындалады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу