21 шілде күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында Аббас Аракчи АҚШ соққыларынан кейін Иранда уран байыту тоқтағанын, себебі "айтарлықтай залал келгенін" айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дегенмен, бұл Иран болашақта уран байытудан бас тартпайтады деген сөз емес.
"Зақым өте ауыр, олар жойылды. Әрине, мен бұған дейін де айтқанмын. Егер қажет болса, тағы қайталаймыз!" – деп жазды Трамп.
АҚШ 22 маусымда Иранның ядролық нысандарына соққы жасаған болатын.
CNN телеарнасы АҚШ барлау қызметінің мәліметіне сүйеніп, бұл соққылар Иранның ядролық бағдарламасының негізгі құрамдастарын жоймағанын хабарлады.