АҚШ президенті Дональд Трамп 3 тамызда Иранмен келіссөздер басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақ үй басшысы тараптардың Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін айтты. Енді Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім жасасу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Трамп Иранға жасалуы мүмкін ауқымды әскери соққыны уақытша кейінге қалдырғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, Тегераннан бөлек, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Қатар тиісті өтініш білдірген. Бұл мемлекеттер мәселенің дипломатиялық жолмен шешілетініне сенім артып отыр. Сонымен бірге АҚШ президенті Вашингтонның әскери іс-қимылға кез келген сәтте дайын екенін де атап өтті.
Айта кету керек, бұған дейін АҚШ Иранға шабуыл жасаудан уақытша бас тартқанын жазғанбыз.