Трамп кейбір телеарналардың лицензиясын қайтарып алуды ұсынды

435

Ақ үй басшысы тағы бірнеше арнаның жұмысына шүйлікті. 

Трамп кейбір телеарналардың лицензиясын қайтарып алуды ұсынды Фото: File Photo / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі бірнеше телеарнаның жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақ үй басшысының айтуынша, кейбір арналардың жаңалықтары мен ойын-сауық бағдарламалары оған және республикалық партияға үнемі теріс көзқарас танытып отыр.

"Егер телеарналардың жаңалықтары мен кешкі шоулары президент Дональд Трампқа, MAGA қозғалысына ("Американы қайта ұлы етейік") және республикалық партияға 100% қарсы бағытталған болса, олардың аса құнды эфирлік лицензиялары алынып тасталуы керек емес пе? Меніңше, солай болу керек", – деп жазды ол Truth Social желісінде.

Трамп CBS, ABC және NBC телеарналарының кешкі шоуларын жүргізетін тележүргізушілерді сынға алды. Айтуынша, олардың дарыны жоқ, жалақылары жоғары, алайда рейтингтері өте төмен.

Айта кету керек, бұған дейін Дональд Трамптың сөзін бұрмалаған BBC басшылығы қызметінен кеткенін жазғанбыз. BBC жала жаппаса да, Трамптан басқа әрекеті үшін кешірім сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу