Трамп кешірім берген канадалық миллиардер ХАМАС-қа қаржылай жәрдемдескен болуы мүмкін

Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоға осындай айып тағылып отыр. 

Трамп кешірім берген канадалық миллиардер ХАМАС-қа қаржылай жәрдемдескен болуы мүмкін Фото: David Ryder / Bloomberg via Getty Images

РИА Новостидің жазуынша, ол 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жасалған шабуылдан соң ХАМАС қозғалысының пайдасына миллиондаған доллар аударуға ықпал еткен болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Financial Times басылымы АҚШ федералдық сотына берілген талап-арызға сілтеме жасап: "...Туыстары қаза тапқан, жараланған немесе кепілге алынған америкалық азаматтардың шағымы негізінде Чжао мен оның Binance платформасы ХАМАС пен "Хезболлаға" "саналы түрде елеулі қолдау көрсетті" деп хабарлаған.

Олардың қаржы ағындарының көзі мен бағытын жасыруға мүмкіндік бергені айтылған.
Талап-арызда мұндай аударымдар "Binance компаниясы 2023 жылғы қарашада АҚШ-тың санкцияларды және ақшаны жылыстатуға қарсы заңдарды бұзды" деген айыптарды реттеу үшін 4,3 миллиард доллардан аса қаржы төлеуге келіскеннен кейін де жалғасқаны нақтыланған. 

CZ лақап атымен танымал Чжао осыған дейін де ақшаны жылыстатуға қарсы талаптарды бұзғанын мойындап, төрт айға бас бостандығы шектелді. Қазан айында ғана оны АҚШ президенті Дональд Трамп кешірген. 

Forbes деректеріне сай, Чжаоның дәулеті шамамен 86 миллиард долларға бағаланады. Ол – Binance биржасын 2017 жылы құрған және әлі күнге дейін компанияның негізгі үлесінің иесі. Чжао мен Binance Трамп әулетінің криптовалюта саласына салған инвестициялары аясында да аталады. Былтыр Трамптың ұлдары – Эрик және Дональд-кіші World Liberty Financial компаниясын құрған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу