Сондай-ақ, ол Гавананың режимі нашар екенін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл Дональд Трамптың Кубаны басып алу туралы алғашқы сөзі емес. Америка көшбасшысы аталған елдің экономикасы әбден сыр бергенін әрі кез келген уақытта басып алуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Ақ үй басшысы журналистермен сөйлескен кезде де "АҚШ-тың аралды бақылауға алғаны жақсы болар еді" деп атап өткен.
– Бұл – үлкен құрмет. Мен Кубаны азат ете аламын немесе басып аламын. Мен өз қалағанымды жасай аламын, – деген болатын саясаткер.
Трамп Кубада ақша да, мұнай да жоқ екенін алға тартып, арал тұрғындарына "жаңа өмір" сыйлауға уәде еткен.
АҚШ Иранға шабуылын аяқталғаннан соң Кубамен айналысатынын әлемдік БАҚ көп жазды. Ол Гаванаға ескерту жасап, аралдың АҚШ-пен келісім жасауға қатты ниетті екенін жеткізген.
– Куба келісім жасағысы келеді, менің ойымша біз жақында келісім жасаймыз немесе жасауымыз керек істі атқарамыз, – деді ол.
Бұған дейін Трамп "Маған Кубаны жаулап алу бақыты бұйыратын секілді" деп мәлімдеген болатын.