АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп негізгі бес штатта Джозеф Байденге қарағанда көбірек дауыс жинады. Бұл туралы Fox News хабарлады.
Reuters агенттігінің соңғы мәліметі бойынша, дауыс саны бойынша қазір Трамп алда келеді. Оған жалпы 38 709 244, Байденге 36 254 130 адам дауыс берген.
Нақтырақ айтқанда, Трамп Техас, Огайо, Флорида, Джорджия, Висконсин штаттарының қолдауына ие болып отыр.
3 қараша – Құрама Штаттарда президент сайланатын күн. Жергілікті халық президентпен қатар вице-президентті, 35 сенаторды, өкілдер палатасының жаңа құрамын, 13 губернаторды, жергілікті билік органдарының өкілдерін де таңдайды. Қазір елдегі ең жоғарғы лауазымға республикашыл Дональд Трамп мен демократ Джо Байден таласып жатыр.
Табиғат Нұрболат