Трамп өзіне 561 жыл түрмеге жабылу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді

593

3 тамыз күні ол сот отырысына қатысуы тиіс. 

Трамп өзіне 561 жыл түрмеге жабылу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді Фото: BFM

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жақтастарына жіберген жолдауында үш қылмыстық іс бойынша оған 561 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz thehill.com басылымына сілтеме жасап.

"Қисық Джоның (Трамп АҚШ президенті Джо Байденді осылай атайды – ред.) жемқор Әділет министрлігі маған тағы да заңсыз айып тағып отыр. Солшылдардың мыстандарды аулау туралы жариялауы нәтижесінде маған 561 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр", - деп жазды Трамп өзінің сайлау штабына жолдаған үндеуінде.

Айта кету керек, осыған дейін Дональд Трампқа 2020 жылғы сайлауға араласу ісі бойынша жаңа айып тағылғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу