ТАСС басылымы Дональд Трамптың Ресей және Украина басшыларымен үшжақты саммит ұйымдастыру туралы жоспары барын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Америка президентінің пікірінше, ертеңгі Владимир Путинмен кездесу сәтті өтуі тиіс, егер жағдай өз ойлағанындай өрбісе, мүмкіндігінше Ресей мен Украина қатысатын үшжақты келіссөздерге кіріспек.
– Егер алғашқы кездесу жақсы өтсе, біз екінші кездесуді тез арада өткіземіз. Оны бірден жасағым келеді. Екінші кездесуге президент Путин, президент Зеленский және мен қатысамын, егер олар менің қатысқанымды қаласа... – деді Трамп сөзін қос президентке бағыттап.
Еске салайық, АҚШ перзиденті Владимир Путинмен 15 тамызда Аляскада кездеседі деп жоспарланған. Мұны Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та растады.
Ал Трамп кеше Ресей мен Украинаны татуластыра алмайтынын мойындағандай жазба қалдырған болатын. Бірақ, ол түптің түбінде оларды кездестіретінін айтты.