Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс жайлы Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады

553

Ол әлемнің үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрғанын бірнеше рет айтып, оған АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден мен оның әкімшілігін кінәлайды. 

Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс жайлы Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады Фото: kommersant

Нақтырақ айтсақ, Байденнің Украинаны қолдау саясатына байланысты, деп санайды Трамп inbusiness.kz РБК-ға сілтеме жасай отырып.

Ақпан айының соңында ол АҚШ президенті "бізді жүйелі түрде, бәлкім өзі де қалай болғанын түсінбей үшінші дүниежүзілік соғысқа итермелеп келеді" деді.

Сонымен қатар, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қазір Ақ үйде билік құрса, Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа жол берілмес еді деп мәлімдеді.

Трамп өзін үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алуға уәде бере алатын АҚШ президенттігіне жалғыз үміткер санайды. Ол өткен қарашада 2024 жылы президенттік жарысқа қатысу жоспарларын жариялады.

Бұрынғы президент АҚШ 4 айып тағылғандықтан "тозаққа барады" деді. Ол өз ісін АҚШ сайлауына бұрын-соңды болмаған араласу деп атады.

Дональд Трамп 4 сәуірде түстен кейін Нью-Йорк сотында ауыр қылмыс жасады деп, тағылған 34 айыпқа қатысты өз кінәсін мойындамады. 

CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президентіне 30-дан астам айып тағылған, оның ішінде бизнестегі алаяқтық әрекеттерге қатысты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу