Бұл туралы inbusiness.kz сайты Global News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамп кездесуге жақын. Тараптардың 4 ақпанда жолығуға келіскенін NBC News жазып отыр.
Нетаньяху Ақ үйге соңғы рет былтырғы шілдеде президент Джо Байденмен кездесу үшін барған болатын.
– Мен Израильге және оның көршілеріне қалай бейбітшілік әкелетінімізді және ортақ қарсыластарымызға қарсы тұру әрекеттерін талқылауды асыға күтемін, – дейді Трамп Нетаньяхуға жазған хатында.
Израиль мен ХАМАС Газада мыңдаған адамның өмірін қиып, палестиналықтарды көшірген және кепілге алынғандардың болашағы белгісіз болып, 15 айға созылған соғыстан кейін ғана атысты тоқтатуға қол жеткізді.
Трамп Иордания мен Мысырға палестиналық босқындарды көбірек қабылдауды ұсынғанын бұған дейін де жазған едік. Бірақ, АҚШ басшысының бұл ұсынысына қарсы шыққандар көп болды.
Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Виткофф атысты тоқтату және басқа да аймақтық мәселелерді талқылау үшін Израильге барады. Ол сапар барысында Газа секторына да аялдамақ ниетте.