Транзитті интернет-сауда арқылы дамыту жоспарлануда

1389

2018 жылы Қытайдан Еуропаға 670 млн сәлемдеме тасымалданды. Олардың ішінде Қазақстан арқылы транзит көлемі шамамен 6 пайызды құрады. 

Транзитті интернет-сауда арқылы дамыту жоспарлануда

Үкімет отырысында еліміздегі электронды сауданың дамуы туралы баяндаған ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов интернет-сауданың транзитті дамытуда әлеуеті зор екенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәселен, алдағы бес жылдың ішінде Қытайдан Еуропаға жіберілетін интернет-сәлемдемелер саны 6 есеге артып, 2025 жылға қарай 4 млрд сәлемдемеге дейін жетеді деген болжам бар.

"2018 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан Еуропаға 670 млн сәлемдеме тасымалданды. Олардың ішінде Қазақстан арқылы транзит көлемі шамамен 6 пайызды құрады. Бұл дегеніміз – 39,2 млн сәлемдеме. Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы өте ыңғайлы географиялық жерде орналасқан. Бүгінгі таңда ел аумағы арқылы интернет-сәлемдемелерді жөнелту үшін инфрақұрылымдық және рәсімдік мүмкіндіктер бар. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" көлік дәлізінің арқасында аталған транзит көлемін 2025 жылға қарай 864 млн сәлемдемеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық компаниялардың табысын 132 млрд теңгеден 1 трлн 270 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді", – дейді министр.

Осылайша, электронды сауда 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің көлемін 1,1 пайыздық тармаққа ұлғайтуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу