Туберкулезді жылдам анықтау үшін молекулалық диагностика аппараты қолданылады

368

Солтүстік Қазақстан облысында 43 флюорографиялық аппарат бар. 

Туберкулезді жылдам анықтау үшін молекулалық диагностика аппараты қолданылады Фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Облыста медицина мекемелері туберкулезді дер кезінде анықтауға қажетті қондырғылармен жабдықталған. Орталықта жаңа инновациялық зертханалар енгізілді. Олардың бірі - тез және өте дәл молекулалық диагностика нәтижелерін беретін GeneXpert анализаторы.

Емдеудің барлық кезеңдерінде науқастарға бақылау орнатылған. Өткен жылы барлық аудандар мен Петропавлда әлеуметтік қолдау мәселесі шешілді, ай сайын қаржылай көмек көрсетілуде.

"Ал, фтизиопульмонологиялық орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтып, емдеу жағдайын жақсартуды жалғастырамыз. Өкпе терапиясы бөлімшесінің бірінші қабатын жөндеуден өткізіп, компьютерлік томограф орнату қажет. Денсаулық сақтау басқармасы мен орталық басшылығына осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырдым", — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу