Оқиға 14 наурыз күні облыстық маңызы бар Дөң – Бадамша – Ақтөбе – Орск тасжолында болды. Патрульдік полиция қызметінің "Хюндай-Элантра" көлігі УАЗ автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Полиция қызметкері тұманды күні жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульге шыққан. Сол кезде жол апатына ұшырап, ауруханаға түсті. Қазір осы оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас Қарғалы аудандық ауруханасында жатыр. Жағдайы орташа ауыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу