Тұмауға қарсы вакцинация аяқталды

656

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елге Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілгенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұмауға қарсы вакцинация аяқталды

"Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда 35 012 адам, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйел екпе алды", – деді министр. 

Бұдан кейін Алексей Цой тұмауға қарсы вакцинация аяқталғанын айтты. 

"2 млн 500 мыңнан астам адам немесе халықтың 99,3%-ы тұмауға қарсы екпе алды. Жалпы көрсеткіш халықтың 13%-ына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талап ететін деңгейге (кемінде 10%) жетті", – деді денсаулық сақтау министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу