Түпкілікті шешімді Қазақстан халқы қабылдайды – Мәди Мырзағараев

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды.

Түпкілікті шешімді Қазақстан халқы қабылдайды – Мәди Мырзағараев Фото: Конституциялық сот

Онда Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Кейінгі 2 күнде біз ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты әрі мұқият талқыладық. Кеше жобаның алдын ала нұсқасы таныстырылды. Мен бұл өзгерістердің бәрін тереңнен зерделеп шықтым. Мұндай Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған өзге де маңызды жаңалықтар аз емес, – деді ол. 

Мәди Мырзағараевтың айтуынша, ұсынылған өзгерістердің бәрі қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына сай келеді. 

– Осыған байланысты Конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарау орынды деп санаймын. Сөз соңында бұл өзгерістер бойынша түпкілікті шешімді Қазақстан халқы қабылдайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді. Бұл өзгерістердің тағдырын референдум айқындайды. Бүгінгі біздің міндетіміз – қоғамға айқын әрі адамға бағытталған Конституциялық шешімдерді ұсыну. Одан арғысы халқымыздың қолында, – деді ол.

Бұған дейін сарапшы Дүрвудхан Сұраған "Конституциядағы жаңа преамбула ұлттық құндылықтарымызды қазіргі заман талаптарымен сабақтастырады" деп мәлім еткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу