Турбулент аймағына тап болған ұшақтағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді

1633

Air Astana әуе кемесінің бортында болған оқиғаның салдарынан Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына екі жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Турбулент аймағына тап болған ұшақтағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді

№ 4 қалалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемеге тек екі адам жеткізілген, тағы үш адам тексеруден бас тартқан.

"№4 қалалық клиникалық ауруханаға "Ташкент - Алматы" рейсінің екі жолаушысы жеткізілді. Екеуі де - Өзбекстан азаматтары, 37 және 28 жастағы әйелдер. Диагноз: сол жақ білек пен қолдың жабық жарақаты, жұмсақ тіндердің көгеруі және созылуы. Мойын омыртқасының контузиясы. Екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық-диагностикалық тексеруден кейін рентгенография, ми және мойын омыртқасының КТ, амбулаториялық емдеу ұсынылды. Басқа жолаушылар медициналық көмекке жүгінбеді",-деп хабарлады №4 аурухананың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін Air Astana әуекомпаниясының Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу