Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үлескерлік құрылыс нысандарына несие бере бастайды

1159

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үлескерлік құрылыс нысандарына несие бере бастайды

Биылғы жылдың қыркүйек айында "Қазақстанның тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ кепілсіз үлескерлік құрылыс нысандарына несие бере бастайды. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Вnews.kz.

"Жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Қазақстанда Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры бар екенін жақсы білесіздер. Бұл "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы. Ол құрылыстың аяқталуын кепілдендіру және біздің азаматтарға үлескерлік құрылысқа қатысуға мүмкіндік беру үшін құрылған", - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның сөзіне қарағанда, алғашқы жобаға осы жылдың қыркүйек айында құжаттар қабылдана бастайды.

"Қыркүйек айында құжаттар қабылдана бастайды. Бұл шаршы метрі  290 мың теңгеден "Астана Миллениум Парк" нысаны. Ол біздің салымшыларға берілетін болады", - деп қосты банктің басқарма төрайымы.

Сонымен қатар ол үлескерлік құрылысқа несие кепілсіз берілетінін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу