"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ өз қызметін тоқтатты

611

Қордың үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру функциясы  Қазақстандық ипотекалық компаниясына өтті. 

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ өз қызметін тоқтатты

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ "Қазақстандық Ипотекалық Компания" ИҰ" АҚ-ға қосылды. "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы жалғыз акционердің шешімімен осылайша өз қызметін тоқтатты, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Қазақстандық ипотекалық компаниясына қордың үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру функциясы да өтті. Осылайша Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құрудың соңғы сатысы аяқталуға жақын, ал атауы "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" деп өзгертілмек.

Естеріңізге сала кетсек, "Бәйтерек" холдингі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзінің тұрғын үй блогын оңтайландыруды жүргізуде. Бұл үшін холдинг өзінің "Бәйтерек девелопмент" пен "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" еншілес компанияларын үшінші "Қазақстан ипотекалық компаниясына" біріктіруді жүзеге асырды. Осы мақсатта барлық заңнамалық аспектілер реттелген. ҚИК-ке сондай-ақ құрылыс салушыларды субсидиялау бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының функциялары берілетін болады.

Бірыңғай оператор жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен мынадай құралдар арқылы қолжетімді тұрғын үй салу бойынша ғана жұмыс істейтін болады:

1) әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетіктері арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;

2) үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру;

3) жеке құрылыс салушылардың коммерциялық кредиттері бойынша субсидиялау;

4) әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға кредит беру;

5) инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру;

6) тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

7) уәкілетті органның лицензиясы негізінде ипотекалық қызмет;

8) қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша стратегиялық IT-бастамаларды дамыту.

Қызметті оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен жалпы әкімшілік шығыстар 40%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге қысқартылатын болады. Штат саны 32%-ға немесе 101 бірлікке, оның ішінде басқарушы буын қысқартылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу