Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционердің бөлігі құлап, 5 адам зардап шеккен болатын.
"Жедел тергеу тобы құрылды. Қылмыстық кодекстің 306-бабы ("Ауыр дене жарақатына әкеп соққан сапасыз қызмет көрсету") бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу аясында әкімдікпен бірлесіп арнайы комиссия құрылды, кешенді сот-медициналық және құрылыс сараптамасы тағайындалды", – деді вице-министр.
Санжар Әділов тергеу нәтижесі бойынша тұрғын үй кешенінде сапасыз қаптама жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясының әрекетіне құқықтық баға берілетінін жеткізді.
Бұл қылмыстық іс бойынша күдіктілер әлі анықталмағаны да белгілі болды.
"Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нақты күдіктілер әзір белгіленген жоқ", – деді ІІМ өкілі.
Айта кету керек, бұған дейін Астанада тұрғын үй қасбеті құлап кетуі салдарынан зардап шеккен фельдшердің жағдайы өте ауыр екенін жазғанбыз.