Олардың бірі әйгілі қаптама өндірушісі – Иса Доганлы. Ол БҚО территориясындағы қаптама зауытына алдағы бес жылда $40 млн көлемінде қаражат бөлуді қарастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бес фабриканың директоры Иса Доганлының айтуынша, оның компаниясы әлемнің 23 еліне 150 мың тонна көлемінде қаптама өнімдерін экспорттайды екен.
"Біз гофрокартон өндіреміз. Қазақстанда оған деген сұраныс бар. БҚО біз үшін өндірістік база ретінде құнды. Бұл аймақ арқылы Ресей мен Еуропаға шыға аламыз", – дейді Иса Доганлы.
Айта кету керек, кәсіпкер елімізге осымен сегізінші мәрте келіп отыр.
"Инвесторлармен ынтымақтастық жөніндегі меморандумды қабылдадық. Премьер-министрдің Түркияға сапары аясында біз бесжылдық инвестициялау жоспарын құрған болатынбыз. Бес жылдан кейін гофрокартон БҚО территориясында өндіріле бастайды",– деді БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.
Табиғат Нұрболат