Маңғыстауда туристер ағыны бес еседей артады

1305

Облыста 2025 жылға дейін туризм саласында 14 нысанның құрылысы көзделіп отыр.

Маңғыстауда туристер ағыны бес еседей артады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуына қарағанда, болжалды жыл келгенде аймаққа қыдырып келушілердің ағыны бүгінгіден 4,6 есе артады.

Министр үкімет отырысында Маңғыстауды дамытудың кешенді жоспары өзектендірілгенін айтқан болатын.

"Агроөнеркәсіптік кешені салаларында 25 инвестициялық жобаны іске асыру және балық шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда", – деді министр.

Оның сөзінше, әлеуметтік саланы дамыту шеңберінде аудандық орталық аурухана, 24 мектеп және 11 жапсарлас құрылыс салу, 5 колледжді жабдықтармен жарақтандыру және тағы басқалар қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу