Туристер Алакөлге енді ұшақпен қатынайды

633

Үржардағы әуежайы жөндеуден өткеннен кейін алғаш рет Bombardier q400 ұшағын қабылдады. 

Туристер Алакөлге енді ұшақпен қатынайды Фото: google.com

Астанадан әуе кемесімен 69 жолаушы келген.  

Әуежайдың ұшып-қону жолағы жаңғырту жұмыстарынан кейін 2 шақырымға дейін ұзартылған болатын. Ол үшін мемлекеттен 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.  Жөндеуден кейін нысан тәулік бойы жұмыс істеп, бір мезетте екі әуе кемесінің ұшып-қонуын қамтамасыз етуге қауқарлы. Енді жаз маусымында туристер шипалы Алакөлге ұшақпен баратын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу