Туристер мінген автобус апаты: жүргізуші қамауға алынды

224

25 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

Туристер мінген автобус апаты: жүргізуші қамауға алынды Фото: pixabay.com

Алматы облысындағы асулардың бірінде туристер мінген автобустың аударылып кетуіне жол берген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамыр күні Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жаланаш-Көлсай автожолының бесінші шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді. 25 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

"Жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралын басқарғаны үшін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Сонымен бірге, автобусты айдауға берген жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынады",- деп хабарлады полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу