Туристерді көшпенділер мәдениеті қызықтырады

1609

"Атамекен" ҰКП алаңында туризм саласында ұлттық брендті құру мәселесі талқыланды.

Туристерді көшпенділер мәдениеті қызықтырады

Талқылауды ашып, ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева туристік брендке ұсынылған нұсқалар саны көп, ал туристік қоғамдастық және қолөнер шеберлері әлі күнге дейін жұмыста қандай брендті, қандай символика қолдануда бағдар таңдай алмай келетінін айтты, деп хабарлайды atameken.kz.

"Біздің басым тұсымыз – табиғат және шексіз көкжиек қана емес. Өзімізді дамыған 30 елдің қатарына кіруге ұмтылған, инвестция тартуға қабілетті заманауи ел ретінде таныту керек. Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада нақты цифрлық және қаржылық индикаторлар белгіленген – 270 млрд теңге туристік қызмет және 2025 жылға қарай 600 млрд теңге инвестиция көлемі. Бізге туристердің қандай сегменті елімізге осындай ақша әкелетінін және осындай туристі тарту үшін қандай маркетингтік шараларды қолдану қажеттігін түсіну қажет", – деді Юлия Якупбаева.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ өкілдері өздері ұсынған "Meet Qazaqs" бренді жобасы туралы айтты. Бұл бренд халықаралық туристік көрмелерде Қазақстан стендінде бернеше рет пайдаланылған болатын. Негізгі ой – Қазақстанның басты құндылығы – халқымен таныстыру, сары түс күн мен жағымды эмоцияларды білдірсе, Q әрпі – Қазақстан брендінің ерекше белгісі. Спикерлердің айтуынша, Қазақстан туристер үшін көшпелі мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарымен ерекшеленеді.

Бизнес өкілдерінде осы нұсқаның дұрыстығына қатысты күмәндар пайда болды. Мысалға, шетелдіктер үшін "meet" сөзі "ет" секілді естіліп, басқа ассоциациялар тудырады. Түрлі деректердің мәліметі бойынша, Қазақстан жаяу жүру туризмі, атқа міну, киіз үйде тұру, жолсыз жерде жүруге арналған ел ретінде белгілі.

Талқылау барысында қауымдастықтардан ұлттық туристік брендті білдіретін түрлі ұсыныстар айтылды. "Хан Тәңірі" турагенттігінің жетекшісі Дәурен Уәлиев елдік брендті құрған кезде ұлттық рәміздерге мән беруді ұсынды:

"Жалпыелдік бренд бірінші кезекте әр қазақстандыққа ұнап, мақтаныш пен өзіне деген құрмет сезімдерін ұялатуы керек. Еліміздің ерекшелігін білдіретін – көк аспан пен күн (Тәңір) ұлттық туымызда белгіленген. Басқа елдер мысалында да олар өз елдері туралы шетелдіктерге ұлттық тулары арқылы білдіруге тырысады. Мысалы, Жапонияның Күншығыс елі деген атауы бар, онысы ел туында көрсетілген де", – деді Дәурен Уәлиев.

Келесі спикер Қазақ гуманитарлық заңгерлік университетінің аға оқытушысы Ризвана Садыкова ағылшын туристері жақсы қабылдайтын нұсақаларды ұсынды – мәселен, Open Kazakhstan слоганы, оның мәні жаңа ашулар мен оқиғаларды білдіреді. Apple – алмадан бөлек, әлемдік концерннің белгісі, Tulip – отаны Қазақстан болып табылатын қызғалдақтар, ал оларды жаппай өсірумен Голландия айналысады.

"Қолөнерде жаңа трендтер қалыптасуы үшін Қазақстанды халықаралық деңгейде танымалдығын арттыратын белгілер қатарын құру қажет. Бізде туристерге арналған белгілі символикалармен кәдесыйлар өнімдері, сондай-ақ жапсырмалар, әсемхаттар, кітаптар шығарылып, аңыздарымыз жазылып, балаларымыз қолданатын иллюстрациялы бояуыштар жасалуы керек", – деп атап өтті Юлия Якупбаева. 

Жиынға қатысушылар Қазақстанды ерекшелейтін басқа нысандарды да қолдады – бұл стадиондарды жинайтын спорттық командалар, белгілі тұлғалар (Димаш, GGG және басқалар), ұлттық асхана және өнімдер, Наурыз мерекесі, бірегей арт-объектілер – Астана-Балет, Астана-Опера мәдениет орындары, Шымбұлақ, Бурабай, Алакөл курорттары, сәулетті объектілер, әлімдік тізбектегі қонақүйлер, яғни сапалы туристі тарта алатын қалыптасқан брендтер.

 Осы әлеуетті елімізде ғана емес, халықаралық көрмелер стендтерінде қолданып, Қазақстанның ерекшеліктері туралы ақпараттандыра аламыз.

"Ұлттық бренді анықтап алған кезде, қолөнер шеберлері жұмыспен қамтылады. Өйткені адамдар мәдениетіміз, дәстүріміз, тұрмысымызбен байланысты нәрселерді іздеп, оларды кәдесый ретінде алып кеткісі келеді. Мұндай заттар қымбат тұратын қолөнер туындылары ғана болмауы керек, сондай-ақ ұсақ-түйек өнім – магниттер, брелоктар жасалған жөн. Бүгінде нарығымыз, өкінішке қарай шетелден келген сапасыз кәдесый өнімімен толған", – деді "Қазақ-Өнер" қолөнер шеберлері орталығының жетекшісі Айгүл Жансерікова.

Қорытындылай келе, Юлия Якупбаева өңірлер кескінінде бірыңғай оқиғалық күнтізбені жасау қажеттілігін атап өтті. Бұдан бөлек, ұлттық брендті дамыту үшін жоғары сапалы техникалық сипаттамаларды дайындау және жұмысты бағалап, ең ұтымды логотипті таңдайтын комиссия құрамын анықтау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу