Түркі елдері оңайлатылған кеден дәлізін құрады

235

Құжат аясында "оңайлатылған кеден дәлізі" және "сауда операторлары" жаңа ұғымдары енгізіледі.  

Түркі елдері оңайлатылған кеден дәлізін құрады Фото: Anadolu Agency

Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келісімге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан 2022 жылдың 11 қарашасында Самарқандта қол қойған. 

Келісім аясында "оңайлатылған кеден дәлізі" және "сауда операторлары" жаңа ұғымдары енгізіледі. Ақпарат алмасу сауда операторлары тасымалдайтын жүктер бойынша оңайлатылған кеден дәлізі арқылы және ерікті негізде жүзеге асырылатын болады. Оңайлатылған кеден дәлізі аясында сауда операторларына бірқатар жеңілдік беріледі. 

Тараптардың кеден органдары Келісім күшіне енгеннен кейін ұзақтығы 6  ай болатын пилоттық жобаны ұйымдастырады және жүзеге асырады.

"Қаралып отырған келісімнің негізгі мақсаты – оңайлатылған кеден дәлізін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру", - деді қосымша баяндама жасаған Еркін Әбіл.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанның Түркі ұйымына мүше елдермен алыс-беріс көлемі жылдан-жылға артып келе жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу