Түркі кеңесінің саммиті қалай өтетіні белгілі болды

1585

Жиын 30-31 наурызда Түркістанда өтеді.    

Түркі кеңесінің саммиті қалай өтетіні белгілі болды

Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі, ТМЫК) бейресми саммиті бейнеконференция режимінде өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық тарап 2021 жылдың 31 наурызында Түркістанда жоспарланған Түркі кеңесінің бейресми саммитін бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ТМЫК хатшылығына ресми түрде хабарланды", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған саммитке бейнеконференция режимінде қатысатыны хабарланған еді.

Еске салайық, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (Түркі кеңесі) – халықаралық ұйым. Ол түркі мемлекеттерін біріктіреді және елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Оның құрамына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан кіреді. Ал Венгрия ұйымдағы бақылаушы мемлекет болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу