Түркіменстан Аралды құтқару жөніндегі қорға жетекшілік етеді

1101

Түркіменстан Аралды құтқару жөніндегі қорға жетекшілік  етеді

30-31 мамыр аралығында Аралды тұрақты дамытуға арналған халықаралық форум өтеді. Бұл шараға Орталық Азия, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Бүкілдүниежүзілік банк өкілдері қатысады, деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz.
Аралды құтқару жөніндегі қорға жетекшілік ету тізгіні Өзбекстаннан Түркіменстанға өтті. Ашхабад қорға ресми түрде енді үш жыл бойында басшылық етеді. Өткен жылға дейін қорды Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов басқарып келген.
Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының басшысы Нариман Қыпшақбаев соңғы жылдары Аралға қатысты жұмыстар тоқтап қалды дейді. Оның сөздерінше, үш жыл бұрын тізгінді Өзбекстан алғаннан кейін жобалар жүзеге асырылмай қалған.
Түркіменстан Әмудария арнасы жағында орналасқан, бұл ел Сырдария суын пайдаланбайды.
"Осы тұрғыдан Түркіменстан Сырдария суын пайдаланатын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға салмақты сөзін айта алады. Әдетте әр жылдары суды пайдалануға байланысты аталған елдер арасында әртүрлі проблемалар шығып тұрады", — деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу