Түркістан қаласының қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсететін мекеме 5 жаңа автобус сатып алды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір мекеме қарамағында 270 көлік бар. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша "Жолаушы" ЖШС "Ютонг" маркалы 8,5 метрлік 21 жаңа автобус сатып алған болатын.
Жаңа автобустарда кондиционер, электрондық табло, жарнамалық монитор және камералар қарастырылған.
"Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде. Сондықтан, облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді",– делінген хабарламада.