Түркістан облысы тұрғындарынан сібір жарасы анықталғаны жайлы ақпарат жалған

934

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ет және ет өнімдерін тек қана ветеринариялық анықтамасы бар сенімді жерлерден сатып алуға шақырды.  

Түркістан облысы тұрғындарынан сібір жарасы анықталғаны жайлы ақпарат жалған

Сібір жарасына қатысты WhatsApp мессенджерінде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазды inbusiness.kz.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті соңғы күндері WhatsApp мессенджері арқылы сібір жарасына қатысты таралып жатқан аудиожазбаның жалған екенін мәлімдеді. 

"Түркістан облысы Түлкібас ауданының екі тұрғынынан түйнеме табылған. Қазіргі уақытта оның біреуі Ақмола облысында, екіншісі Түркістан облысында ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, жақында ауруханадан шығарылады. Ал ауру малдың еті Түркістан облысына тиесілі емес. Науқастардың сөзінше, олар етті Жамбыл облысынан сатып алып келген. Нақты кімнен және қай жерден сатып алғанын тергеу-тексеру жұмыстарымен құзыретті органдар айналысып жатыр. Құрметті облыс тұрғындары! Ет және ет өнімдерін тек қана ветеринариялық анықтамасы бар сенімді жерлерден сатып алуға шақырамыз. Белгісіз азаматтар таратқан аудиожазбаларға сенбеуді сұраймыз", – деп нақтылады Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске сала кетсек, жақында "сібір жарасы" екі жолаушыдан расталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу