Түркістан облысында 1,3 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

110

Өңірде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. 

Түркістан облысында 1,3 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Төле би ауданында "Қорғау" жүйесі арқылы 1,3 миллион теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Леңгір қаласының көшелерінің бірінде Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан тәртіп сақшылары жүргізушіні жауапқа тартып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полицейлердің айтуынша, "Қорғау" бағдарламасы "нөлдік төзімділік" қағидаты бойынша жұмыс істейді және тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта Түркістан облысы бойынша жол-көлік оқиғаларын азайту және жүргізушілердің тәртібін бақылау мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы тәртіпті нығайту", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу