Түркістан облысында 1,5 жылға жететін мал азығы қорын жасақтауға мүмкіндік бар

521

Түркістан облысында мал азықтық шөптер биыл шаруаларға қолжетімді бағада сатылып жатыр. Егістік алқап басынан табиғи шөптердің пресін 350-400 теңгеден, ал жоңышқаны 600-700 теңгеден алуға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында 1,5 жылға жететін мал азығы қорын жасақтауға мүмкіндік бар

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспановтың айтуынша, биыл ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты аймақты 1,5 жылға жететін мал азығы қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Бүгінгі күнге мал басына қажетті 4,1 млн тонна жем-шөп 100% жиналған.

Атап айтсақ, 289,9 мың тонна сабан, 109 тонна пішендеме (сенаж), 1,8 млн тонна табиғи шөп, 1,8 млн тонна жоңышқа, 6,5 мың тонна сүрлем жиналып үлгерген. Оған қосымша облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан, қала әкімдіктеріне 1 млн тонна азықтық қорды қалыптастыру жоспары ұсынылған. Жалпы қыстату науқанына дейін өңірде 5,1 млн тонна мал азығы жиналатын болады.

Айта кетейік, облыстағы мал басына қажетті азықтық жем көлемі 784,9 мың тоннаны құрайды. Оның 82% (644,8 мың тонна) облыста өндірілген дақылдар есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ-ы арқылы облысқа бөлінген 34,4 мың тонна бидайдан алынатын 9,3 мың тонна кебек агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу