Түркістан облысында 1-сынып оқушысын мотоцикл қағып өлтірген іс неге қысқартылды?

78

Оқиға сабақ жүріп жатқан уақытта, мектеп маңында орын алған.  

Түркістан облысында 1-сынып оқушысын мотоцикл қағып өлтірген іс неге қысқартылды? Фото: Midjourney

Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Борлысай ауыл округінде 2025 жылдың наурызында мектептің 1-сынып оқушысы мотоцикл қағып, қаза тапқан қайғылы жағдай тіркелген еді. Көлік тізгінінде сол білім ордасының 11-сынып оқушысы болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түркістан облысының білім басқармасы апаттан кейін мектеп пен оқиға орнына тексеріс жүргізіп, жауапты қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданғанын хабарлады. Қаза тапқан баланың отбасына психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілген.

Басқарманың мәліметінше, жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде мектеп директоры өз міндетіне немқұрайлы қарағаны үшін сөгіс алған. Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарына қатаң сөгіс, оқу ісінің меңгерушісіне ескерту берілген. Әлеуметтік педагогке де қатаң сөгіс, ал сынып жетекшісіне сөгіс түріндегі жаза тағайындалған.

Оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті де ресми ақпарат таратты. ПД мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Тексеру барысында мотоцикл жүргізушісінің оқушыны соқпауға техникалық мүмкіндік болмағаны анықталған, себебі оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде емес жерде болған. Осыған байланысты, ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, қылмыс құрамының болмауына орай тергеу тоқтатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу